Назарбаев Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Назарбаев Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Фото: image.inforesist.org

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы Беларусь республикасының президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады. Бұл турады Беларусь президентінің ресми сайтында хабарланды.

Хабарламада Беларусь республикасының басшысы Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12 қазанда телефон арқылы әңгімелесу кезінде беларусь-қазақстандық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін талқылағаны айтылған.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары екі ел мүдделі болып отырған тақырыптарды Қазақстанда, ТМД және ЕАЭО форматында өтетін алдағы кездесулер барысында талқылауды келіскен.

Дереккөз: Nur.kz

Е. Жұмабайұлы