Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Фото: fr.wallpaperswiki.org

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз – 0 градусқа дейін, оңтүстік пен батыста шамамен 8 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің болжамы осындай. Ал елордада жаңбыр жауып, түнде 2 градус суық болады.

Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: 
– Астана қаласы бойынша көшпелі бұлтты. Түнде және таңертең жауын-шашынды болады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз болса, күндіз +3+5 градус жылы болады. 14-15 қазан күндері аздаған жауын-шашын жауып, ауа температурасы күндіз +3+5 градус шамасында болады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы