Мақсұт Нәрікбаев өмірден озды

Мақсұт Нәрікбаев өмірден озды

12 қазанда заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Нәрікбаев 75 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ҚазГЗУ растады.

Мақсұт Нәрікбаев еңбек жолын 1959 жылы Қарметкомбинат құрылысында такелажшы болып бастады. Ол Прокуратура және ҚР Әділет министрлігінің аппараттарында жұмыс істеген. Прокуратура тергеушісінің стажеры, аға тергеуші, Талдықорған облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, заңгерлік кеңестің меңгерушісі, халықтық сот төрешісі қызметтерін атқарған. 1995 жылдың қазанынан 1996 жылдың маусымына дейін  ҚР Бас прокуроры, 1996 жылдың маусымынан 2000 жылдың қыркүйегіне дейін  ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болды. 2000 жылдың 28 шілдесінен бастап бүгінге дейін Қазақ гуманитарлық заң университеті ұжымын басқарды, директорлар кеңесінің төрағасы, ректор қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, Мақсұт Нәрікбаев спортпен белсенді түрде айналысты. Ол 2014 жылдың маусымында, 74 жасында парашютпен секірді. 2015 жылдың сәуірінде оның қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл