Бүгін Беларусь елінде президент сайлауы өтеді

Бүгін Беларусь елінде президент сайлауы өтеді
Фото: tonkosti.ru

Бүгін Беларусь азаматтары президент сайлауына дауыс береді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:00-де ашылды.

Бұл жолғы президент сайлауына төрт кандидат – Либерал-демократиялық партия жетекшісі Сергей Гайдукевич, «Говори Правду» азаматтық қозғалысы белсендісі Татьяна Короткевич, қазіргі ел президент Александр Лукашенко және Беларусь патриоттар партиясының жетекшісі Николай Улахович түсіп жатыр.

Беларусь президенті сайлауы барысын қадағалауға 900-ден аса халықаралық бақылаушы қатысатыны хабарланды.

Президент сайлауына дауыс беру күні қарсаңында оппозиция өкілдері Минскіде өткізген рұқсат етілмеген митингіде «билік бұл сайлауда тағыда Лукашенконы жеңімпаз жасайтынын» айтып, сайлауға бойкот жариялауға шақырған.

Беларусь мемлекетін 1994 жылдан бері басқарып отырған Александр Лукашенко бұған дейін төрт рет ел президенті болып сайланған.

Дереккөз: azattyq.org

Ж. Исакаев