Жүргізушілер иттерге жол беруге міндетті емес - ҚР ІІМ

Жүргізушілер иттерге жол беруге міндетті емес - ҚР ІІМ
Фото: tn.kz

Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан иттерге жол бермеген жүргізушілерге айыппұл салынбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогында жазылған.

Қолданушылардың бірі "жануарларға жол бермеуге бола ма?" деп сұрады. "Соңғы кездері қаладағы қаңғыбас иттердің жолда жүру ережесін сақтап, яғни жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен, бағдаршам арқылы жолдан өтетіндерін жиі байқайтын болдым. Оларға жол беру керек пе? Егер байқамай қалсам не болады, айыппұл салына ма?", - деп жазды автор министрдің блогына.

Қасымов былай деп түсіндіріп берді: "Жолда жүру ережелеріне сәйкес, жаяу жүргіншілер санатына мына тұлғалар да кіреді: мүгедектерге арналған арба-кресло арқылы қозғалатындар, велосипед, мопед, мотоциклмен жүретіндер, шана, арбаша мен бесік арбасын сүйреушілер. Осылайша, Сіз көрсетіп берген әрекет үшін жауапкершілікке тарту қарастырылмайды. Алайда жол қозғалысы қатысушыларына жолда абайлап жүру керек", - деп жазды ол.

М. Бисембаева