Алматы маңында 4 балдық жер сілкінісі болды

Алматы маңында 4 балдық жер сілкінісі болды
Фото: news.gazeta

3 қазанда таңертең Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 километр қашықтықта 4,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша сағат 9:32 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, 10 километр тереңдікте болған. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.

Дереккөз: Азаттық

С. Ерсін