Алматыда Sturbucks кофе дәмханасы ашылады

Алматыда Sturbucks кофе дәмханасы ашылады
Фото: businessinsider

2016 жылдың басында Алматы қаласында танымал Sturbucks желісі алғашқы екі кофе дәмханасын ашады, — деп мәлімдеді компанияның өкілі.

«Біз Қазақстанда кофе дәмханаларын ашуға қуаныштымыз. Біз елде бай кофе ішу мәдениеті қалыптасқанынан хабардармыз. Sturbucks та алматылық ритейл-нарықтың бір бөлшегі болатын кез келді. Біз жақын арада Қазақстанда Sturbucks қайталанбас стилін енгізу мүмкіндігіне өте қуаныштымыз», – деп атап өтті компанияның лицензиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Рис Айли.

Sturbucks алғашқы кофе дәмханасы Mega Alma-Ata және Mega Park сауда ойын-сауық орталықтарында орналасатын болады.

Сонымен қатар хабарламада кофе дәмханаларының дизайнында жергілікті мәдениет пен өнер ерекшеліктері ескерілетіні айтылған.

Бүгінде Sturbucks желілерінде бүкіл әлемде 22000-нан астам кофе дәмханалары бар.

Қазақстанда лицензия иегері «Алшая» компаниялар тобының толыққанды мүшесі «Алшая Қазақстан» ЖШС болды. «Старбакс Кофе Интернешнл» және  «Алшая» 1999  жылдан бері Sturbucks желісінің сату нүктелерін ашу жөнінде әріптес болып келеді.

Дереккөз:Казинформ

С. Ерсін