Қалыңдықтың гүліне таласқан қазақ қыздарының видеосы желіде хит болды

Қалыңдықтың гүліне таласқан қазақ қыздарының видеосы желіде хит болды
Фото: tn.kz

Қазақстанда болған үйлену тойларының бірінің видеосы Интернетте кеңінен тарала бастады. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде оны ондаған мың адам көрген. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Роликтен қалыңдықтың тұрмысқа шықпаған қыздарға теріс қарап тұрып қолындағы гүлін лақтырғанын көруге болады. Сол гүлді қағып алған қыз келесі болып тұрмысқа шығады деп есептеледі.

Видеодан гүлдің жерге түскенін және оны бір қыздың көтеріп алғанын көруге болады. Алайда асаба "есептелмейді" деп шешіп, қайта лақтыруын өтінді. Осы кезде қыздың анасы араласып: "Қайдан алынғаны бәрібір емес пе", - деді. Ақыры қалыңдық гүлді қайта лақтырды. Ол жолы гүлді басқа бір қыз ұстап алды.

Айта кетейік, осыған ұқсас видеолар бұған дейін де жарияланған.

М. Бисембаева