Қазақстанда еңбек күні аталып өтуде

Қазақстанда еңбек күні аталып өтуде
Фото: otyrar.kz

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні аталып өтеді. 2013 жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Еңбек күнін бекіткен еді. Бұл күні жұмысшы мамандықтардың еңбеккерлерін «Еңбек күні» орденімен марапаттау игі дәстүрге айналған, деп хабарлайды BNews.kz.

Мерекеге орай еліміздің барлық кәсіпорындары мен ұйымдарында мерекелік іс-шаралар, шығармашылық және спорттық сайыстаор өтуде. Мұның барлығы ұжымның бірлігіне, корпоративтік рухты нығайта түсуге бағытталған.

Іс-шаралар аясында еңбек ардагерлеріне «Еңбек ардагері» медальдары табыс етіледі. Бұл медальмен еңбек жолында жоғары жетістіктерге қол жеткізген, түрлі салалардың алдың қатарлы жұмысшылары марапатталады.

Еңбек күнін тау-кен металургия кешені, теміржол көлігі, көмір өнеркәсібі, мұнай-газ кешені, машина жасау, білім, денсаулық сақтау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ТКШ, энергетика, банк мекемелерінің жұмысшылары атап өтеді.

Ф. Абилова