Алаяқтарға алданып қалмаңыз

Алаяқтарға алданып қалмаңыз
Фото: kapital.kz

Астана қаласында экономикалық тергеу қызметінің (ЭТҚ) маманы ретінде өзін таныстырып, қала кәсіпкерлерінен ақша олжалайтын қылмыстық топтар пайда болды. Олар белгісіз қызметтік куәліктерін көрсетіп, өз ойын жүзеге асырып жүр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласындағы департаменті хабарлады.

Астана қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми түрде берілген мәліметіна орай, алаяқтар кәсіпкерлердің осал жерін тауып, заң алдында жауап беруге талап етеді. Сосын бұл істі ары қарай көтермей жабу үшін қомақты қаржы беруге болатынын ескертеді.

Егер сіз осы сынды жағдайға тап болсаңыз, алдымен мына жәйттарды ескеріңіз:

- Егер сіз белгілі компаниялармен келіссөз кезінде заңды келісімшарт жасамаған болсаңыз, ЭТҚ қызметкерлері сізді ресми мәлімдеме беруге шақырады. Ал сотқа дейінгі процесс департамент кеңсесінде заң жүзінде жүргізіледі.

-  Мұндай процесс боолмаса, болған жағдайды комитетке тікелей хабарлаңыз.

Ж. Өрісбай