Ертең Алматыда "AppleFest 2015" алма фестивалі өтеді

Ертең Алматыда "AppleFest 2015" алма фестивалі өтеді
Фото: http://massaget.kz/

Ертең, яғни 20 қыркүйек күні сағат 11.00 мен 18.00 аралығында қала күніне орай AppleFest 2015 алма фетивалі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының туған күнін тойлау AppleFest фестивалімен басталуы дәстүрге айналған. Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін бұл шара жыл сайын Президент саябағында, қыркүйектің үшінші жексенбісінде өтеді. 10 мәдени-сауық кешені орналастырылады.

Өткен жылы AppleFest фестиваліне 180 мыңнан астам адам қатысты.

Ф. Абилова