Интернетте Нұртас Адамбаевтың "Ауылдан қашу" комедиясының трейлері пайда болды

Интернетте Нұртас Адамбаевтың "Ауылдан қашу" комедиясының трейлері пайда болды
Фото: tn.kz

Интернетте танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбаевтың "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" толық метражды комедиясының трейлері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм прокатқа 26 қарашада шығады.

Картина соңғы бөлімі 2013 жылы шыққан "Ауылдан қашу" сериалының жалғасы. Адамбаев бұған дейін сериал аяқталғаннан кейін көрермендердің жалғасын түсіруін сұрағанын бірнеше рет айтқан.

"Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" картинасында басты рөлді сомдайтындар: Нұртас Адамбаев (Ербол), Жан Ізбасар (Сапог) және Ерлан Қасымжанұлы (Ерлан). Жігіттер бұрынғыша ақша табуды көздейді. Картинаны түсіруге 22 күн кеткен. Фильмде Аружан Жазылбекова ("Рэкетир-2", "Үшеуге арналған үйлену тойы") және Максим Акбаров ("Қызғылт қоян туралы ертегі", "Рэкетир-2") ойнайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Адамбаев "Сабина келін" фильмін түсірген еді.

М. Бисембаева