Ауа-райы болжамы:15-17 қыркүйек

Ауа-райы болжамы:15-17 қыркүйек
Фото: commons.wikimedia.org

Қазгидромет алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропалық аумағы аймақтарынан антициклон Қазақстан арқылы жылжитын айтып, республиканың көптеген облысында күн жауын-шашынсыз өтетінін болжады.

Температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады, солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3º дейін үсік өтуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, онымен кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.

Н. Нұрмаханұлы