Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Доллар бағамы 278 теңгеден асты

Доллар бағамы 278 теңгеден асты

Доллар бағамы 278 теңгеден асты

KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі кешкі сессиясында доллар бағамы 278,54 теңгеге дейін өсті. Шетел валютасы кезекті рекордын жаңартып отыр. Күндізгі сессияда 276,75 теңгеге тең болса, таңғы сессияда бір доллардың құны 273,55 теңгеге тең еді. Оған дейінгі рекорд 11 қыркүйектің кешкі сессияда жаңарған болатын. Сол уақытта бір доллар 264,2 теңгеге бағаланған.

Бірінші келісім 278,25 көрсеткішінде болды. Минималдық бағасы - 277, максмималдық бағасы - 279 теңге. Саудаға жалпы валюта нарығының 11 мүшесі қатысты. Сауданың жалпы сомасы 7 миллион доллардан асып түсті. Осылайша теңге соңғы төрт күннің ішінде 23 теңгеге құлдырады.

Ал осыған дейін Астанада ақша айырбастау пункттерінің жұмысын жаппай тоқтатып жатқаны белгілі болды. "Мұндай қысыммен жұмыс істеу мүмкін емес. Ары қарай жұмыс істеудің мәні жоқ. Адамдар күйгелектеніп жатыр. Үнемі тексеріс, сондықтан да қысым көп. (...) Мұнда қара нарық қызу жұмыс істеп тұр, яғни заңсыз келісімдер өршіп тұр. Қара нарықта жұмыс істеуге көшу керек немесе мүлдем жұмыс істемеген жөн. Біз жұмыс істемеуді ұйғардық, қалғандары қара нарықты таңдап жатыр. Басқа жол жоқ", - деді "Байлык Finance" айырбастау пунктінің иесі Айгүл Салыбекова.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: static.headline.kz
Қосылған күні: 15 қыркүйек 2015, 00:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.