Шымкентте 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Шымкентте 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
Фото: khabar.kz

Еліміздегі ірі қалалар санатына енген Шымкентте биыл 43 тұрғын үйдің (кредиттік – 7, жас отбасыларға – 2, арендалық – 34) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бүгінге дейін облыс орталығында 10 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды, - деп жазды baq.kz сайты.

Ағымдағы жылдың қорытындысымен 38 көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында бой түзеген 1080 пәтерлі 15 тұрғын үйге баспана кезегінде тұрған азаматтар қоныстанды.

Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде тұрған азаматтар саны 18 мыңнан асты. Жергілікті билік тұрғындардың баспанаға деген мұқтаждығын шешу бағытында жоспарланған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруда.

@. @assel_assanova