Алматыда "Алтын орда" маңындағы кептеліс жақын арада жойылады

Алматыда "Алтын орда" маңындағы кептеліс жақын арада жойылады
Фото: tn.kz

Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңында алдағы жылдары кептеліс түбегейлі жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресурстың мәліметінше, Райымбек даңғылы бойында жолайрықтар салынғанына қарамастан, қалаға шығыс жақтан кіретін жолда кептеліс азаймай тұр. "Алтын Орда" маңындағы бұл мәселе жақын арада шешіледі деп күтілу үстінде.

Қазақстан инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Абай ауылы мен "Алтын орда" маңындағы қозғалысты реттейтін жоба әзірлеуге тапсырма берді. 10 шақырым жерге жолайрықтар немесе бірнеше деңгейлі жолдар салынуы мүмкін. Толығырақ мәлімет жоқ, дегенмен қазіргі уақытта ұлттық компания жобаны әзірлеумен айналысып жатыр. Алдағы бірнеше жыл ішінде ол жүзеге асырылуы мүмкін.

М. Бисембаева