Адамның басын алмастыру отасы қашан жасалатыны белгілі болды

Адамның басын алмастыру отасы қашан жасалатыны белгілі болды
Фото: nazdor

Италиялық хирург Серджио Канаверо ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридоновтың басын ауыстыруды 2017 жылдың желтоқсанына белгіледі.

"Канавероның жоспары бойынша, егер барлығы ойдағыдай өтсе, операцияның технологиясы алдағы екі жылда жетілдіріледі. Біз асығыс емеспіз. Дәрігерлер мен сарапшылар операцияның сәтті өтетініне 99 пайызға сенімді болғанда ғана жасалады", - деді Валерий Спиридонов. Бағдарламашы басын ауыстырғаннан кейін ең әуелі демалысқа шығатынын айтып қалжыңдады.

Басылымның мәліметінше, ота 36 сағатқа созылуы мүмкін. Канаверо отаның сәтті өтетініне сенімді. Дәрігерлердің кейбірі бұл жобаны медицина саласындағы серпін деп қабылдаса, енді бірі мұндай операцияның сәтсіздікке ұшырайтынын айтты. Дегенмен Спиридоновты бұл пікірлер мақсатынан айныта алмады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz 

Н. Нұрмаханұлы