"Хан Шатыр-2015" жеңімпазы ұтысын білім алуға жұмсайды

"Хан Шатыр-2015" жеңімпазы ұтысын білім алуға жұмсайды
Фото: bnews.kz

5 қыркүйек күні Хан Шатыр орталығында жыл сайын ұйымдастырылатын сұлулық байқауы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл байқауға әртүрлі жастағы 18 бойжеткен қатысып, бақ сынады. Өнері мен сұлулығын паш еткен арулардың арасынан 17 жасар Алена Лысак атты бойжеткен озып, 10 мың АҚШ долларына ие болды.

Алена қазір мектептің 11 сыныбында оқып жатыр. Ұтысын жоғары оқу орнында білім алуға жұмсайтынын айтып, қуанышымен бөлісті. 

Ал біз Аленаны жеңіспен құттықтап, оқуда үздік көрсеткішке ие болуына тілектеспіз!

Ф. Абилова