Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді

Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді
Фото: tn.kz

Әнші Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Іnstagram парақшасында "Алла ұлық! Қызды болдым! @moldir_serikbaeva алғысым шексіз! Дендерің сау болсын!", - деп жазды.

Айта кетейік, әншінің бұл екінші қызы. Мөлдір есімді арумен 2010 жылы отау құрған Алмастың бұдан басқа тағы бір қызы бар. Оны әншінің анасы Зере деп атаған.

Алмас Кішкенбаев Super Star KZ жобасының алғашқы жеңімпазы. Қызылорда қаласында дүниеге келген ол әншілікпен бала кезінен айналысып келеді. Шығармашылық өмірге қадам басқан алғашқы жылдары ол Ләйлә Сұлтанқызының продюсерлік орталығында жұмыс істеді. Қазір Алмас Кішкенбаев "Қазақстан дауысы" жобасында тәлімгер болып жүр.

М. Бисембаева