Лондонда Анджелина Джолидің 20 жаста түскен суреті саудаға қойылды

Лондонда Анджелина Джолидің 20 жаста түскен суреті саудаға қойылды
Фото: tn.kz

Лондондағы Zebra One Gallery галереясы Анджелина Джолидің бұрын еш жерде көрсетілмеген суретін сатылымға шығарды. Сурет құны 2,7 мың доллар тұрады, - деп хабарлайды The Daily Mail. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Қара-ақ түсті суреттен Джолидің 20 жастағы бейнесін көруге болады. Олардың бірінде актриса тізесін құшақтап, екі аяғын қара лентамен байлап алған. Екінші суретте Джоли объективке қарап түскен.

Фотоссесияны ұлыбританиялық Кейт Гарнер 1995 жылы жасаған. Фотографтың Бриттани Мерфи, Джессика Альба және Роуз Макгоун сияқты актрисалармен бірге жұмыс істегені белгілі.

М. Бисембаева