Алматы маңындағы Батырхан Шүкеновтің алма бағы алғашқы жемісін берді

Алматы маңындағы Батырхан Шүкеновтің алма бағы алғашқы жемісін берді
Фото: facebook.com

Алматы маңындағы Батырхан Шүкеновтің алма бағы алғашқы жемісін берді. Бұл туралы Facebook парақшасында әншінің ағасы Бауыржан Шүкенов жазды.

"Осыдан біраз бұрын Қуат Шілдебаев Батырға Қаракемерден, Arba Win жүзім алқабына жақын маңнан жер сатып алуға кеңес берген еді. Олар сол жерге алма ағаштарын отырғызды, биыл осы бақ алғашқы жемісін берді. Аз уақыттан соң биылғы жемістерден дәм татамыз, ал келесі жылы Батыр отырғызған ағаштардың алмаларынан барлығыңызға дәм татқызамыз", - деп жазды Бауыржан Шүкенов.

Еске сала кетейік, әнші Батырхан Шүкенов биыл 29 сәуірге қараған түні өз пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Әнші Алматы қаласына жерленді.

М. Бисембаева