Пәкістанның премьер-министрі Қазақстан әнұранын жүрегіне қолын қойып тыңдады

Пәкістанның премьер-министрі Қазақстан әнұранын жүрегіне қолын қойып тыңдады
Фото: tn.kz

Пәкістанның премьер-министрі Қазақстан әнұранын жүрегіне қолын қойып тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наваз Шариф Ақордадағы салтанатты рәсімде екі елдің әнұранына да ерекше құрмет көрсетті. Ол бастапқыда Пәкістан елінің әнұранын жүрегіне қолын қойып тұрып тыңдады. Кейін Қазақстан әнұраны шырқалғанда ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қолын төсінен алмай тұрды. 

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келді. Осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі сапар барысында екіжақты келіссөздердің өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылатынын хабарлаған еді.

М. Бисембаева