Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы қалай тойланады?

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы қалай тойланады?
Фото: tn.kz

Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Tengrinews.kz редакциясының Қазақ хандығының 550 жылдығы қалай өтетіндігі туралы арнайы сауалына жауап берді.

Осыған дейін Президент айтқандай, осы мерекеге арналған шараларды өткізудегі негізгі жүк Мәдениет және спорт министрлігіне түседі.

Министрлік бір айдан кейін - 11 қыркүйекте, сағат 19.00-де "Барыс" Мұз сарайында театрға қоюға арналаған ойын-сауық өтетінін хабарлады.

"Қазақ халқының тарихы мен егеменді Қазақстанның пайда болуына арналған бұл шоуда еліміздің, сонымен қатар жақын және алыс шетелдердің шығармашылық күші жұмылдырылады", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, ауқымды шараға қатысушылардың деректемелерін қазақстандық және шетелдің мамандары дайындайды. Театрға қоюға арналаған ойын-сауыққа төрт мыңға жуық адам қатысады. Министрліктің мәліметінше, бұл шараға арнайы шақырту билеті арқылы ғана қатысуға болады. Оразан зор шараны алты мың адам көреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және спорт министрімен Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық барысын талқылай отырып, Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайда артық шығынсыз, бірақ халық жадында қалатындай сапалы өткізу керектігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев мерейтойлық шараның басты мақсаты барша қазақстандықтардың патриотизмін нығайту және олардың рухани тұрғыдан өсіп-жетілуін қамтамасыз ету болып саналатынын атап өтті.

М. Бисембаева