Солтүстік Кореяда уақыт белдеуі 30 минутқа артқа шегерілді

Солтүстік Кореяда уақыт белдеуі 30 минутқа артқа шегерілді
Фото: ru.sputnik.az

Солтүстік Кореяда уақыт ауысты. Сағат тілін 30 минутқа кейін шегерген ресми Пхеньян өзінің дербес уақытына көшті. Осыған орай салтанатты шаралар ұйымдастырылып, қоңырау ұрылды, - деп хабарлайды 24.kz сайты.

Жапондық басқыншылықтан азаттық жариялаған корей елі биыл 70 жылдық мерейтойды атап өтуде. Ел басшысы Ким Чен Ын таяуда осыған орай уақытты ауыстыратынын мәлім еткен болатын. Енді жаңа «Пхеньян уақыты» географиялық уақыт белдеуінен 8,5 сағатқа алда. Бұған дейінгі уақыт айырмашылығы 9 сағат болғанын айта кетейік. Жалпы, 1910 жылға дейін, яғни Жапонияның басқыншылық әрекеті басталмай тұрғанда, Корей түбегіндегі уақыт дәл осындай болған деседі. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл – Солтүстік Корея үшін жапондық империализммен күрестің нышаны.

@. @assel_assanova