Алматы полициясы мемлекеттік нөмірін "рахмет" сөзіне алмастырған көліктің иесін іздеп жатыр

Алматы полициясы мемлекеттік нөмірін "рахмет" сөзіне алмастырған көліктің иесін іздеп жатыр
Фото: tn.kz

Алматы полициясы автокөлігінің мемлекеттік нөмірін алмастырған адамды іздестіріп жатыр, ол нөмірінің орнына "рахмет" деп жазып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше "нөмірі" бар автокөлік түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Мемлекеттік нөмірді автоматты түрде ауыстыруға арналған мұндай құрылғылардың Интернетте көп сатылатыны белгілі. 

Айта кетейік, мемлекеттік нөмірді бұлай ауыстыру заңсыз болып есептеледі. Сондықтан, жүргізушіге 5 АЕК көлемінде (9 910 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

М. Бисембаева