Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар тонаушыны ұрып өлтіре жаздады

Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар тонаушыны ұрып өлтіре жаздады
Фото: tn.kz

Оңтүстік Қазақстанда тұрғындар тонаушыны ұрып өлтіре жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнына дер кезінде келген полицейлер ашулы тұрғындарды тоқтатты. 

Оқиға 2015 жылдың 30 шілдесінде Сайрам ауылында болған. "Шамамен кешкі 23.00-де Қаратау аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына шықты. Онда тәртіп сақшылары үйді тонамақшы болды делінген ер адамды жергіліктің тұрғындардың ұстап, орта деңдейдегі дене жарақатын салғанын анықтады. Екінші тонаушы қашып кетті", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазір 1988 жылғы жергілікті тұрғын Төле би аудандық ауруханасында жатыр. Сайрам аудандық прокуратурасы оған қатысты "Кепілдікпен босату" бұлтартпау шарасын таңдады. Сонымен қатар, полицейлердің бір тәуліктен кейін екінші күдіктіні анықтап, ұстағаны хабарланып отыр. Шымкент қаласының 1984 жылғы тұрғынынан күдікті ретінде жауап алынды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәртіп сақшылары дене жарақатын салу дерегі бойынша Сайрам ауылының үш тұрғынын анықтады. Олардың ішінде 1986 жылғы азаматқа "Жүгенсіздік" бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Соталды тергеу барысында барлық сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің қылмысының іс материалдары бойынша дәлелденгені хабарланып отыр. Осы деректерге сәйкес, ҚР ҚК екі бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

М. Бисембаева