Денис Тен суретке түсірумен айналысып жүр

Денис Тен суретке түсірумен айналысып жүр
Фото: tn.kz

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзінің жаңа қызығушылығы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Спортшының айтуынша, ол бұрыннан бері суретке түсірумен айналысады. Ол өз жұмыстарын жариялау үшін Instagram желісінде жеке аккаунт ашып қойыпты.

"Суретті және өнердің өзге түрлерін жақсы көрем. Балалық шақта суретшінің қолынан шыққан әрбір дүниеде ол ашқысы келетін түпсіз тереңдік, үлкен тарих жатқандай болатын...", - деп жазды Тен.

D10World аккаунтында тұңғыш сурет бір апта бұрын жарияланды. Бірнеше күннің ішінде парақшаға 427 адам жазылды. Жарияланған жұмыстардың арасында волейболшы Сабина Алтынбекованың және бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің суреті бар.

М. Бисембаева