Алматыда төбелескен кондуктор жұмыстан шығарылды

Алматыда төбелескен кондуктор жұмыстан шығарылды
Фото: tn.kz

Алматыда төбелескен кондуктор жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қаскелең автобус паркі" ЖШС бас директоры Есбай Әшімбаев хабарлады.

Еске салайық, Алматыда автобус кондукторы жүк көлігінің жүргізушісімен төбелескен болатын. Видеоны YouTube ресурсына Roman Samarskiy деген қолданушы жүктеді. Видеожазбаның сипаттамасында ол оқиғаның 2 тамызда шамамен 16.00-де Рысқұлов даңғылының Петров көшесімен қиылысында болғанын жазды. Видеодан 303 бағытындағы автобустың ашулы кондкуторының жүк көлігіне барып, жүргізушісін ұрғысы келгенін көруге болады. Бұдан кейін ол аяғымен жүк көлігінің айнасын сындырып, автобусқа оралады. Ролик авторының айтуынша, бұл дау жүк көлігінің жүргізушісінің қоғамдық көліктің алдын кесіп өткендіктен шыққан.

М. Бисембаева