Оңтүстік Америка көгінде метеорит ұшып өтті

Оңтүстік Америка көгінде метеорит ұшып өтті
Фото: top.rbс

Оңтүстік Америка көгінде метеоритке ұқсас белгісіз дене ұшып өтті. Астрономдар оның метеорит болуы мүмкін екенін алға тартты.

Оңтүстік Америка тұрғындары жасыл түсті аспан денесін көріп аң-таң. Буэнос-Айрес тұрғыны телефонына түсіріп алған бейнежазба ғаламтор арқылы тез тарап кетті.

Астрономдардың айтуынша, ұшып өткен метеорит болуы әбден мүмкін. Ерекше құбылысты Аргентинамен қоса Бразилия мен Уругвай тұрғындары да тамашалап үлгерген.

Дереккөз:nur.kz

Н. Нұрмаханұлы