Астанада автомобиль шам бағанасына соғылды

Астанада автомобиль шам бағанасына соғылды
Фото: tn.kz

Toyota Corolla автомобилі Астанада шам бағанасына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы 25 шілдеде таңғы сағат 8-де "Самал" ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші аураханаға жеткізілді, ол полиция қызметкерлері келгенде жол-көлік оқиғасы болған жерде отырыпты. Жүргізуші тілшіге пікір білдіруден бас тартты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 19 шілдеде жолаушылар автобусы бағанаға соғылған еді. 20 адам зардап шекті. 

М. Бисембаева