Мәжіліс депутаты автоүймен саяхатқа аттанды

Мәжіліс депутаты автоүймен саяхатқа аттанды
Фото: tn.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев саяхатқа автоүймен аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Демалыс! Қызықтар енді басталады! Керек заттың бәрін өзімізбен бірге алып саяхатқа аттандық. Қайда баратынымызды жолда көңіл-күй мен ауа райына байланысты шешеміз. Тілек пе? Жолымыз болсын! Көз тимесін))", - деп жазды Бегентаев әлеуметтік желіде.

Бұған дейін КТК телеарнасының тілшілеріне берген сұхбатында депутат демалыстағы жоспарларымен бөліскен еді. "Менің автоүйім бар. Әйелім, кішкентай балаларымызбен бәріміз әдемі аймақтарды аралаймыз", - деді ол сол кезде.

М. Бисембаева