Жыл соңына дейін Астанада жылытылатын 55 жабық аялдама орнатылады

Жыл соңына дейін Астанада жылытылатын 55 жабық аялдама орнатылады
Фото: http://astana.gov.kz/

Жыл соңына дейін Астанада жабық, жылытылатын, дәретханамен жабдықталған 55 жаңа аялдама орнатылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Астана LRT" ЖШС басшылығының хабарлауынша, олар әлеуметтік маңызы бар нысандарға жақын орналасады. Ал қалған аялдамалар 100 пайыз модернизацияланады.

Аялдама павильондары 12,5 шаршы метр және 20 шаршы метр болатын екі өлшемде салынады. Қыс мезгілінде аялдама температурасын бақылау тетігі бар инфрақызыл жылытқыштар сақтап тұрады. Бұдан бөлек, барлық аялдамалар бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Аялдама кешендерінің ішіндегі ауа алмасу табиғи желдету жолымен іске асырылады.

М. Бисембаева