Таразда жер сілкінісі тіркелді

Таразда жер сілкінісі тіркелді
Фото: wsnewspublishers.com

Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының шекарасында «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансасының желісі жер сілкінісін тіркеді -, деп хабарлайды Inform.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің кіндігі таулы жерде, 12 шақырым тереңдікте, ОҚО-мен шекаралас Талас ауданы аумағында, Тараздың оңтүстік-батысына қарай 99 шақырым жерде.

Энергетиклық сыныбы K=9, магнитудасы mb=4,3, деп нақтылады Жамбыл облысы ТЖД.  

Е. Жұмабайұлы