Елорда күніне орай «Нұрлы Есіл» лазерлік пиротехникалық шоуы ұйымдастырылады

Елорда күніне орай «Нұрлы Есіл» лазерлік пиротехникалық шоуы ұйымдастырылады
Фото: informburo.kz

Елорданың 17 жылдығына орай Есіл өзенінің жағасында тұңғыш рет «Нұрлы Есіл» мультимедиялық-пиротехникалық таңғажайып шоу ұйымдастырылады, — деп хабарлайды Baq.kz порталы Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайтынына сілтеме жасап.

Бұл замануи лазерлік және пиротехникалық технологияларды су бетінде ойнататын айрықша көрініс болмақ.

Мұнымен қоса, өзенде симфониялық оркестрге арналған сахна орнатылады, бұл шоудың әсерін арттыра түседі. Оркестр қазақтың халық әндері мен заманауи классикалық әуендерді орындайды.

Сахнаның айналасына биіктігі әр түрлі субұрқақтар қойылып, жаңа лазерлік технологиялардың көмегімен жарқын бейнероликтер көрсетіледі.

Бұл көріністің соңы эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен көздің жауын алар пиротехникалық шоуға ұласады.

Е. Жұмабайұлы