Таразда педагогтардың инновациялық идеялары байқауы мәреге жетті

Таразда педагогтардың инновациялық идеялары байқауы мәреге жетті
Фото: Жандар Асан

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздар арасында «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» байқауы қорытындыланды. Аталған шара биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орны профессор-оқытушылар құрамының инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату, деп хабарлайды ТарМПИ Баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, шара аясында аймақтағы педагогтардың инновациялық білім беру қызметіне ынталандыру, білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кәсіби түрде дамыту, мұғалімдердің сапалы сандық оқу материалдарының қолжетімді базасын құру да көзделген. Бес бағыт бойынша өткізілген байқауға 70 жұмыс келіп түскен. Соның ішінде 15 инновациялық жоба үздік деп танылды. Жұмыстар  инновациялық идеяның өзектілігі, мазмұнының жаңашылдығы, ұсынылған идеяның танымдық құндылығы, жобаның инновациялық түрде берілуі, тәрбиелік және даму аспектілері сынды критерийлер бойынша бағаланды. 

«Заманауи мектеп алдына қойылған міндеттерді шешуде мұғалім жұмысының үлкен маңыздылығы бар. Мұндай жұмыс педагогикалық шеберліктің шыңдалуын қамтамасыз етеді. Фестиваль конкурстық қозғалыстар мен педагогикалық бірлестіктер инновациялық білім беру технологиялары мен әдістемелерін анықтау және тарату жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылуда. Ол инновация режимінде белсенді қызмет атқаратын педагогтар үшін тамаша демонстрациялық алаң болып табылады» деді ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова.

Үздік инновациялық жобалар республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу айналымына қатысуға ұсынылды.

Н. Айдархан