Ресейлік ведомство Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты алаңдаушылық танытты

Ресейлік ведомство Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты алаңдаушылық танытты

Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі Қазақстанда жаппай қырылып жатқан киіктерге байланысты алаңдаушылық танытты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Ресейлік ведомстводағылар Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының киіктер пастереллезден қырылып жатыр деген мәліметіне қатысты түсінік берді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қырылған киіктердің саны 112 475-ке жетті. "Осыған байланысты Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау федералдық қызметі киіктердің жаппай қырылуына аса алаңдаушылығын білдіреді, аусыл, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасы, сонымен қатар, қойлар мен қозылардың шешегі сынды қауіпті дерттер жаппай қырылу себептерінің бірі ретінде бейберекет тарауы мүмкін, себебі жануарлар бұл дерттерден ада емес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударады", - деп хабарлады федералдық қызмет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің 2015 жылы Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырғаны белгілі болып отыр. 

Еске сала кетейік, киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері сол күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапты. Бір айдың ішінде олардың саны мың еседен артты. Киіктер қырылмай тұрғанда Қазақстанда олардың саны 300 мыңнан жоғары болған.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады