Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кеші "Абай" алаңында өтеді

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кеші "Абай" алаңында өтеді
Фото: tn.kz

Батырхан Шүкеновті еске алу кеші Республика Сарайы алдындағы "Абай" алаңында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтің туған күнінде оны еске алу кеші сағат 20.00-де басталады. Кешті Батырхан жақсы көретін ChickFlick тобы ашады, олар оның репертуарынан бірнеше ән орындайды, бұдан соң Республика Сарайының алдыңғы жағында "Батыр: Live" атты фильм-концерт көрсетіледі, оған әртістің өнер көрсетулері, достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары мен әншінің қысқаша түсініктемелері енген.

"Кеш өтетін күні "Абай" алаңына келетін барлық қалалықтан автокөліктерді бірнеше орам ары қалдырып, өткізілетін орынға (КІМЕР аялдамасы) қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетуді өтініп сұраймыз. Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін "Арман" кинотеатрының жанындағы тұрақ пен Республика Сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады", - деп хабарлады басқармадағылар. 

М. Бисембаева