Оралда полицейлер ер адамды өрттен құтқарып алды

Оралда полицейлер ер адамды өрттен құтқарып алды
Фото: tn.kz

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аға лейтенант Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, өрт туралы оларға көшеде кетіп бара жатқан адам хабарлаған. "Оқиға орнына келген кезде көпқабатты үйдің терезесінен шығып жатқан өртті аңғардық. Үйге есіктен кіру мүмкін болмаған соң терезе арқылы кіруді ұйғардық. Кірген кезде есіктің кілтін таба алмай, есінен танып құлаған ер адамды байқап, сыртқа балкон арқылы алып шықтық", - деді ол.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға орнына құтқарушылар келіп, өртті ауыздықтады. Есінен танған ер адам облыстық ауруханаға жіберілді.

М. Бисембаева