Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Expo 2017 / Ең жылдам 3D-принтер италиялық инженерлер құрастырған

Ең жылдам 3D-принтер италиялық инженерлер құрастырған

Ең жылдам 3D-принтер италиялық инженерлер құрастырған

Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Италия павильоны өнертапқыштық пен тарихқа бағытталған. Тарихы көпке белгілі Италия әртүрлі өнертабыстарымен әйгілі болған. Сонымен қатар, өнертапқыштардың арқасында Италия әлемге танымал болған.

Италияның территориясында пайдалы қазбалар кені аз болғандықтан, италиялықтар ойлап табуға бейім болып келеді.

Әлемдегі ең алғашқы реактор

Тарихтан белгілі, алғашқы ядролық реакторды Энрико Ферми есімді италиялық құрастырған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның технологиясын немістер иемденгісі келген. Бірақ ол АҚШ-қа қашып үлгереді. Оның мақсаты реакторды инновациялық өнім алу үшін қолдану болды.

Италия павильонында Алессандро Вольта, Леонардо да Винчи сынды тағы да бірқатар ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен таныса аласыз.

Микротолқынды сөмке

Инновациялық сөмке қарапайын микротолқынды пештің функциясын атқарады. Оның артықшылығы, энергияны күннен алады. Сардиниядағы Жаратылыстану ғылымдарының институты сөмкені тау бөктеріне демалысқа шығуға арнап жасаған.

Сөмкені үнемі күннің көзі бар жерде сақтаған жөн. Сөмкенің құрылымында бар батареялар артық қуатты жинақтайды. Осылай микротолқынды сөмкені күннің көзі жоқ кезде де пайдалануға болады.

Ең жылдам 3D-принтер

Бүгінде әлемдегі ең жылдам жұмыс істейтін 3D-принтерді де италиялық инженерлер құрастырған. Оның патенті италиялық Basko компаниясына тиесілі. Ол өзіңіз қалаған көлемдегі өнімнің аналогын экологиялық таза материалды қолдана отырып, шығарып береді.

Болашақта осы сынды суретші роботтар сәулетшілерді жұмыссыз қалдырады.

Суретші робот

Италия Техникалық ғылымдарын зеттеу институты құрастырған роботтың негізгі функциясы – сурет салу. Бұл роботты сәулет өнері саласына бейімдеп бағдарламаған. Компьютердің көмегімен қашықтықтан басқаруға болады. 

Суретші роботтың басты артықшылығы, ол кез келген пішіндегі нысанның үстіне сыза алады. Мысалы, сфера, куб, пирамида т.с.с. Сонымен қатар, роботты жылдам сызуға бағдарламауға да болады.

Италия үкіметі жақын болашақта барлық кітапханаларын осындай интерактивті
онлайн көмекшілермен толықтыруды жоспарлап отыр

Италия павильонында интеракті байланыс панельдері орналастырылған. Панельдің көмегімен италиялық инженерлердің зерттеу жұмыстарын өздерімен тікелей сөйлесу арқылы таныса аласыз.

Одан бөлек, виртуалды шындыққа еніп, Италияның инновациялар әлеміне саяхат жасау мүмкіндігі бар. Бұл осы салаға қызығушылығы бар адамдарға пайдалы павильон болыр отыр.

4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 08 қыркүйек 2017, 18:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.