Су астындағы жел турбиналары – жасыл энергияның көзі

Су астындағы жел турбиналары  – жасыл энергияның көзі
Фото: massaget.kz

Аустрия үкіметі баламалы энергияның дамуына көп жылдан бері басымдылық танытып келеді. Аустриядағы түрлі компаниялар футуристік идеяларын жүзеге асыру мақсатында зертханаларындағы тәжірибе аясын кеңейтіп, энергия өндірудегі жаңа құрылымдық модельдерді сынақтан өткізіп жатыр.

Andritz Hydro  су электр станцияларына қажет жабдықтарды дайындайтын компания. Әлемдегі алып су электр станциялары осы компанияның қызметіне жүгінген.

Су астындағы жел турбиналары

Andritz Hydro компания классикалық су электр станцияларын жабдықтаудан бөлек, инновациялық жобаларын да іске асырып келеді. Солардың бірі - HS 1000. Бұл аппарат жел турбинасының аналогы, бірақ теңіз астына қондырылады. Су ағымының әсерінен ротор айналады. Нәтижесінде электр энергиясы өніріледі.

HS 1000 модулінің ішкі құрылымы

Фотоэлектрлі панель

Crystalsol компаниясы фотоэлектрлі қабаты бар панельді жаңа түрін құрастырды. Бұл бүгінде қолданыста бар күн панельдерінен 3 есе тиімді жұмыс істейді. Фотоэлектрлі панельдің алғашқы концептін 1960-жылдары Philips компаниясының инженерлері дайындаған болатын. Содан бері даму прогресі 50 пайызға тиімділікті арттырып отыр.

Аустриялық компния жаңа панельдерді жуырда жаппай сатылымға шығарады. Бұл инновацияның көмегімен өндірілген энергияның өзіндік бағасы 0,3 еуро болмақ.

Cупержеңіл ұшақ

DAS Energy корпорациясы 2010 жылдан бері Diamond Aircraft Industries және Alternative Energy Solutions компанияларымен біріге жұмыс істеп келеді. Олардың басты мақсаты супержеңіл ұшақ моделін құрастыру болып саналады. Компания инженерлері кристалды кремний элементін пайдаланып, жеңіл күн панельдерін дайындау үстінде еңбек етіп келеді. Ал ұшақ күн энергиясының көмегімен ауаға көтерілетіндіктен бұл оның салмағын жеңілдетеді.

Михаил Обердорфер, DAS Energy корпорациясы бас директоры

GREENoneTEC

GREENoneTEC — күн сәулесінің коллекторларын экспорттайтын әлемдегі ең үлкен компания. Концерн жылына 1,6 миллион шаршы метр коллектор шығарады.

"Made in Austria" сапасымен дайындалатын өнімдер компанияның абыройын төмендеткен емес. Коллекторлардың соңғы модельдері арнайы автоматтандырылған  құрылымға ие. Бір сөзбен айтқанда. оларды қашықтықтан басқаруға болады. 

Мобильді күн электр станциясы

1stLevelSolar компаниясы фото гальваника әдісімен жұмыс істейтін энергетикалық құрылғыларды қондырумен айналысады. Аустриялық компания 2010 жылы жаңа жобасын іске асыра бастады.

Питер Фреи, 1stLevelSolar компаниясының атқарушы директоры

1stLevelSolar инновациялық өнімі Sundrops деп аталады. Бұл — мобильді күн электр станциясы. Sundrops аз уақытта ауылшаруашылық ирригация саласындағы ноу-хауға айналды. Аппараттың сезгіш тетіктері топырақтағы ылғалдылық деңгейін анықтап отырады. Ылғалдылық төмендеген кезде, су арнасы автоматты түрде қосылады. Одан бөлек, Sundrops Күннен энергия жинап, батареяларға жинай алады.

Ж. Өрісбай