Литва лазер технологиясымен мақтанады

Литва лазер технологиясымен мақтанады
Фото: massaget.kz

Балтық теңізі бойынан Астанаға келген Литва елі өкілдерінің халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне өзге ел павильондарында аналогы жоқ технологияны ұсынып отыр. Ол - лазер.

Литвада жасалған лазер өнімінің 90% астамы экспортқа шығарылады. Лазер өнеркәсібінің алып нарықтары - Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония мен Қытай. Литваның ішкі нарығындағы лазерлер ғылым, медицина, өнеркәсіп, шоу бизнес, сонымен қатар, көркемөнер сынды әртүрлі салаларда қолданылады.

Литваның лазер өнеркәсібінен түсетін табыс 2004 жылғы 13 миллион еуродан 2015 жылы 80 миллион еуроға дейін өсті. 2009 жылы экономикалық дағдарыстың әсерінен Литва экономикасы 15 пайызға құлдыраса да, елдің лазер секторы небәрі 4 пайыз әлсіреген.

Литвада жалғыз пайдалы қазба бар. Ол - картоп. Және оның өзі өте аз өндіріледі деп литвалық өз ішінде әзілдеседі. Лазер Литваның негізгі экспорт ресурсына айналуына бірнеше фактор әсер еткен. Литва үкіметі тәуелсіздік алғаннан бері университеттер мен ғылыми институттардың зертханалары лазерлік физика дамуына бағыттаған. Одан бөлек, шетелдік мамандарды тарту да басты мүддеге айналған.

Ж. Өрісбай