Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Expo 2017 / Қазақстанда ең ауқымды K-Pop фестиваль өтеді

Қазақстанда ең ауқымды K-Pop фестиваль өтеді

Қазақстанда ең ауқымды K-Pop фестиваль өтеді

EXPO-2017 аясында Оңтүстік Кореяның ұлттық апталығына байланысты Астана қаласында ең ауқымды K-Pop фестиваль өтеді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«EXPO көрмесінің ұлттар апталығына байланысты өткізілетін мәдени шаралардың ішінде ең басты мерекенің бірі – K-Culture Party концерті. Бұл шарада Оңтүстік Корея мен Қазақстанның атақты топтары өнер көрсетеді. Концерт 18 шілдеде Сарыарқа велотрегінде өтеді», – деді Корея павильонының комиссары Пеон Йон Соп.

asd

Сонымен қатар бұл концерт екі елдің мәдени алмасу үлгісінде жасалғандықтан билет тегін таратылатынын атап өтті. «Концертті неғұрлым көп көрермен тамашалау үшін біз Корея павильонының кәріс мәдениеті аймағында тегін билеттер таратамыз. Билет әр күні белгілі мөлшерде таратылады»,– деді Пеон Йон Соп. Концертте әлемге әрі Қазақстанға танымал HIGHLIGHT, B1A4 және AOA секілді жұлдызды топтар өнер көрсетеді.

asx

asd

«Қазақстанның атынан Ninety One және Black Dial топтары шығады. Өткен жылдың қыркүйегінде алғашқы К-Pop концертімен қатар, Feel Korea шарасында Ninety One тобы Кореяның бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады. Бұл мәдени шарамен қатар, екі елдің жұлдыздары топ жаратын K-Crew концертіне де Ninety One өз үлесін қоспақ»,– дейді Пеон Йон Соп.

sdf

Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ-сик өз кезегінде EXPO көрмесіндегі бұл шараның бір аптаға созылатынын айтты. «Кәріс ұлттық күні 19 шілде болғанымен, 18-21 шілде аралығында түрлі шаралар орын алмақ. Өзге мемлекеттер 1 күн атап өтсе, Корея бұл дәстүрді апта бойы жалғастырмақ. Бұл Корея апталығы болады. Қазақстан мен Кореяның арасындағы стратегиялық, экономикалық серіктестіктің басты дәлелі»,– деп өз пікірін білдірді елші Ким Дэ-сик.

19 шілде күні  EXPO аумағында Кореяның ұлттық күні көрмесі өтеді. Көрермендерді сан бояулы мәдени шаралар мен аумақты шеру күтеді. Дәл осы күні Астана қаласында Қазақстан-Корея энергетикалық форумы өтпекші. Қатысушылар екі ел арасында энергетикалық өндіріс саласының болашағы туралы талқылайды.

21 шілде күні қазақстандықтарды тағы бір мәдени шара күтіп тұр: опера және балет театрында кәріс әртістерінің дәстүрлі музыкалық қойылымы көрерменге ұсынылады.

«Еліміздің үкіметі өткізгелі отырған шаралар екі елдің технологиясы мен мәдениетіне оң әсерін тигізіп қана қоймай, Қазақстан мен Кореяның  күшті серіктеске айналатынана сенім артады», – деп қорытындалады Пеон Йон Соп.

1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: https://tengrinews.kz
Қосылған күні: 14 шілде 2017, 15:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->