«PHOTOfest.KZ» фестивалінде қандай суреттер бар?

«PHOTOfest.KZ» фестивалінде қандай суреттер бар?
Фото: Нұрсерік Жолбарыс

1 шілде күні  Астана қаласы Ұлттық мұражайында (Тәуелсіздік даңғылы, 54) халықаралық фотофестивалдің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеге XXI ғасырдағы фото әлемі үздіктерінің қайталанбас туындылары қойылды. 200-ге жуық фотосуреттің авторлары – Шигеру Йошида (Токио), Жан Тюрко (Франция), Исмаил Хайкир, Аднан Аташ (Түркия), Павел Антонов (Pasha Antonov) (АҚШ), Андрей Мартынов (Мәскеу), Татьяна Зубкова (Краснодар), Альберто ди Мауро (Италия) және қазіргі таңдағы еліміздің танымал фотосуретшілері.

Іс-шараның басты мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына енетін, Орталық Азиядағы ең ауқымды фотофестивалді ұйымдастыру болатын. Салтанатты ашылуға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, Қазақстан мен шетелдің ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өнерсүйер қауым қатысты. 

Фестивалдің аясында, қатысушылар байтақ еліміздің көркем мекендерін (Бурабай, Қорғалжын, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, Түркістан, Отырар, Шарын каньоны, Шымбұлақ, Медеу, Тамғалы тас, Көлсай) аралап, фотоға түсіреді. Түсірілген фотосуреттердің үздіктерінен «PHOTOfest.KZ – гүлденген Қазақстан әлем фотосуретшілерінің көзімен» атты фотоальманах жасалады.

Г. Берік