Сатылымға жаңа билет шығады

Сатылымға жаңа билет шығады
Фото: баспасөз қызметі

Астана күніне байланысты 2017 жылдың 1-10 шілде аралығында НК «Астана Экспо – 2017» АҚ мерекелік акция өкізіп, көрменің жаңа билетінің үлгісін халыққа ұсынады.

Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары 3 билет алу арқылы тағы бір билетті сыйға алу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар көрмені тегін аралай алады.  Ал 12 жасқа дейінгі балалар ересектерді көмегіне сүйенуге тура келеді. Өздерімен бірге міндеті түрде баланың жасын дәлелдейтін құжаты болуы тиіс.

8989

Жаңадан қолданысқа енгізілетін «Кешкі» көрме  билетін пайдалану уақыты сағат 18:30-дан бастап қана жүзеге асады. Оның бағасы жұмыс күндері – 2 мың теңге, демалыс күндері – 3 мың теңге. Екі есе төмен бағада билет алу құқығына ие азаматтар үшін жеңілдіктер сақталады.  Яғни, 1000 теңгеге жұмыс күндері билет алса, демалыс күндері небәрі 1,5 мың теңге қаражат керек болады. 

ЭКСПО – 2017 көрмесіне абонемент сатылымы ашық түрде жүзеге асып жатырғанын ескертеміз. Абонемент бағасы  50000 теңге, ал жеңілдікке ие азаматтар үшін 25000 теңге көлемінде болмақ.  Абонементті ЭКСПО –2017 көрмесінінң арнайы кассаларынан алға болады. Барлық абонемент белгілі бір адамның атына берілетіндіктен, көрме алаңында өздеріңізбен бірге құжаттарды алып жүруді ұсынамыз. Толық ақпартты tickets.expo2017astana.com сайтынан біле аласыздар.

Т. Есқали