Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Фото: vk.com

«Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі Қазақстанға бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясы барысында белгілі болды.

Future Energy, яғни, «Болашақ қуаты» тақырыбында өткелі отырған «Экспо-2017» халықаралық көрмесін Қазақстан халқы асыға күткен болатын. Осы 90 күнге созылатын көптен күткен ұлы тойдың басталатын уақыты да келіп қалыпты.


Ертең, яғни, 10 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы - Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады. Әрі қарай мемлекет басшылары көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. 

ЭКСПО-2017 көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады.  Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және  таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретін болады.

«Экспо-2017» халықаралық көрмесін бүкіл ел болы жұмыла абыроймен атқарып шығамыз деп сенеміз.

А. Оралқызы