Тәуелсіз қазақ елін басқарған премьер-министрлер

Тәуелсіз қазақ елін басқарған премьер-министрлер
Фото: 365Info, azattyq.org, tengrinews.kz, informburo.kz, primeminister.kz

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі аралықта 11 рет премьер-министр тағайындалған. Олардың қатарында Кәрім Мәсімов екі рет бұл қызметте болған жалғыз мемлекет қайраткері.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынды. Парламент Мәжілісі депутаттары үкіметтің жаңа басшысы қызметіне бұл кандидатураны мақұлдады. Мемлекет басшысы Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ басқарды, Астана әкімі және көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. Бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Үкімет тараған уақытта премьер-министрдің міндетін атқарды.

         Сергей Александрович Терещенко            1991 ж. 16 желтоқсан - 1994 ж. 12 қазан   
 Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин  1994 ж. 12 қазан - 1997 ж. 10 қазан

 Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев
(1947 - 2015)

 1997 ж. 10 қазан - 1999 ж. 1 қазан
 Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  1999 ж. 1 қазан - 2002 ж. 28 қаңтар
 Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов  2002 ж. 28 қаңтар - 2003 ж. 13 маусым
 Даниал Кенжетайұлы Ахметов  2003 ж. 13 маусым - 2007 ж. 10 қаңтар
 Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов  2007 ж. 10 қаңтар - 2012 ж. 24 қыркүйек
 Серік Нығметұлы Ахметов  2012 ж. 24 қыркүйек - 2014 ж. 2 сәуір
  Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов  2014 ж. 2 сәуір - 2016 ж. 8 қыркүйек
 Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев  2016 ж. 8 қыркүйек - 2019 ж. 21 ақпан
 Асқар Ұзақбайұлы Мамин  Қазіргі премьер-министр
Ө. Сансызбай