Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Беткеұстар / "Алтын адам" Әзірбайжанда таныстырылады

"Алтын адам" Әзірбайжанда таныстырылады

2018 жылдың 22 мамыры сағат 19.00-де Әзірбайжан тарихының Ұлттық музейі ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп Халықаралық "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" көрме жобасын жүзеге асыру аясында "Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары" көрмесін ашады. 

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр" деп бүкіл әлем елдерінің мәдени, рухани жаңғыруына баса назар аудартты. Қазір еліміз халықаралық қатынаста өз орнын айқындаған мемлекетке айналып келеді. Әлемнің көп елдерімен мәдени, индустриялық, саяси тәжірибе алмасулар жалғасын тауып жатыр және одан әрі жалғаса бермек. 

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бұрыннан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екі жақты қарым-қатынас қалыптасқан. Жыл өткен сайын қос мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс барлық бағыттарда және оң нәтижелермен дамып келеді. 

Бакуде өтетін "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасының негізгі мақсаты – көрермендерді ерте темір дәуіріндегі Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру. Көрмеде ҚР Ұлттық музейі қорынан Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерімен қатар б.з. дейінгі VII-ІІІ ғасырларға жататын алтын бұйымдар жинағы таныстырылады. 

Көрменің негізгі экспонаты - 1969 жылы Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан археолог Кемал Ақышев басқарған археологиялық экспедиция тапқан "Алтын адам". Экспонат костюмі мен бас киімінің барлық әшекейлері киімге тігілген ретімен өзгеріссіз сақталған. Ондағы барлық әшекейлер скиф-сібірлік аң стильінің бірeгей үлгілеріне жатады. Бүгінде "Алтын адам" – бүкіл әлемге танымал  Қазақстанның тарихи символы. 

Археологтар "Алтын адамның" жерлеу камерасынан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған саналады. Сол сияқты көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері таныстырылады. 

Халықаралық "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" атты жоба аясында ұйымдастырылып отырған "Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары" көрмесінде таныстырылатын зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар мен бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі ғана.

Көрме 2018-2021 жылдар аралығында ТМД, Азия, Еуропа және Америка елдерін аралайды. 2018 жылы көрме Шэньси провинциясы Тарихи музейінде (Сиянь қаласы, ҚХР), Гданьск Ұлттық музейінде (Гданьск қаласы, Польша) және Корея Ұлттық музейінде (Сеул қаласы, Корея) өткізіледі. Ал 2019 жылы аталмыш көрмені Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркия мемлекеттерінің музейлерінде өткізу жоспарланып отыр. 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия музейлерінде өткізу жоспарланған. 

"Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары" көрмесі Баку қаласында 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Массагет мақалалары Telegram мессенджерінде. Арнамызға тіркеліп, жаңалықтардан хабардар болыңыз! Tелеграмдағы арнамызға қосылу үшін "1"-ді басыңыз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: el.kz
Қосылған күні: 16 мамыр, 17:59
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.