Эверестке шығу. Мақсұт Жұмаев Айленд-пикке көтерілді

Эверестке шығу. Мақсұт Жұмаев Айленд-пикке көтерілді
Фото: tengrinews.kz, Мақсұт Жұмаев

Қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев Жер бетінің ең биік нүктесі – Эверестке маршруты аясында Гималайдағы Айленд-пик тау шыңына шықты. Еске сала кетейік, Мақсұт Жұмаев Эверестке екінші рет көтерілуді жоспарлап отыр. Экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Бірінші рет ол Джомолунгманы (Тибет тауындағы ең биік нүкте) 2007 жылы бағындырған еді.  

Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев  әлемдегі ең биік шыңды бағындырған 14 адамның ішінде жалғыз қазақ. 

"Айленд-пик шыңы бізде Эверестке шығудың алдында климатка бейімделу үшін жоспарланып отыр. Бұл да жаттығудың бір түрі. Шыңға шығудың алдында лагерьде қондық, ол теңізден 5 000 метр қашықтықта орналасқан. 4 000 метрге дейін организмге оттек жетіспейді. Ал одан жоғары қашықтықта дем алудың өзі қиынға соғады. Сондықтан ұйықтай алмадым, старт алдында қайта-қайта ояна бердім", - дейді альпинист. 

Команда Айленд-пикке түнгі уақытта шығып, шыңға жергілікті уақытпен сағат 09.28-де (Астана уақытымен сағат 09.13-де) жеткен. 

"Шыңға жеткен кезде, әрине, көңіл-күйіміз жақсы болды. Шыңға көтерілудің өзі не тұрады. Көтерілген кезде мұздықта жарық болды, ал оның ар жағында баспалдақ қойылған. Сол баспалдақпен өттік. Қорқынышты болды. Төмен түскенде де біраз қызықтар болды. Ал түстен кейін біз бастапқы лагерьге жеттік, онда барлық альпинист жиналды. Шай ішіп, барлығымыз төмен кеттік. Шыңға қалай шыққанымызды қорытындылай келетін болсақ, Айленд-пик шыңына шығу үшін альпинизм жайлы кішкене болса да мәлімет және тәжірибенің болуы керектігін айтқым келеді", - дейді Жұмаев. 

Қазақстандықтың командасының келесі нүктесі  Эверестің бастапқы лагері. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Мақсұт Жұмаев Эверестің солтүстік жағына қарай барған болатын. Енді ол оңтүстік бағытпен көтерілмекші. 

"Шыңның оңтүстік бөлігіне көтерілу әлдеқайда қиын және қауіпті. Басты қауіпті болатын жері – Кхумбу деп аталатын мұздық. Бұл әлемдегі ең қауіпті мұздық саналады. Сондай-ақ, осы жақта Лхоцзе деген аймақ бар – ол да өте қауіпті жер. Сондықтан болар шыңның оңтүстік бөлігінде альпинистре тоқтап, демала алатын лагерьлер саны аз", – дейді альпинист. 

"Эверестке шыққанда, яғни, шыңға көтерілгенде ешқандай да эйфория мен қуаныш болмайды, тек қатты шаршайсың, моральдық тұрғыдан да шаршайсың. Альпинистердің 3/2 бөлігі осы шыңнан төмен түскен кезде қаза болып жатады. Себебі олар барлық күшін шыңға көтерілген кезде жұмсайды: альпинист бастапқы лагерьге дейін түспейінше, ол шыңды бағындырды деп саналмайды", – дейді ол. 

Сондай-ақ, әлемдегі биік шыңға Қазақстанның, Астананың және ҚР Қарулы күштерінің тулары орнатылатыны айтылады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік