Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Беткеұстар / Чалимбекова Марфуға: Армрестлингпен айналысқанымды анам білмейді

Чалимбекова Марфуға: Армрестлингпен айналысқанымды анам білмейді

Чалимбекова Марфуға: Армрестлингпен айналысқанымды анам білмейді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің түлегі, Қазақстандағы қол күрес спорт түрі бойынша үздік ондыққа кіретін спорт шеберіне үміткер Марфуға Чалимбековамен болған сұхбатты оқи отырыңыздар. 

Массагет: Армрестлинг яғни қол күрес спорт түріне қалай келдіңіз? 

Марфуға: Үйде анам екеуіміз ғана болғаннан кейін ер бала секілді болып өстім. Әрине, сыныбымда жиырма ұл мен алты қыз болғаны да бар. Тынымсыз болдым, төбелесіп жүретін едім. Мектептің спорт залынан шықпайтынмын, анам ұрсып жүретін. Содан болар, шымыр болып өстім. ҚазҰУ-ға түскен кезімде армрестлинг (қол күрес) деген спорт түрінің барын білмейтінмін... Жаңа мекенге енді үйренісіп, алғашқы семестр аяқталған кез болатын. Аудиторияда бүкіл топтық лекцияны күтіп отырғанымда, топ басшымыз келіп "Осындай да осындай, менің тобымдағы Мөлдір деген қыз қысқы университет аралық универсиадаға барайын деп жатыр. Салмағы сенімен қатарлас, екеуің күш салыстырып көріңдерші"-деді. Сөйтсем топтағы біраз қызбен жарысып келіп отырған екен. Күрестік! Жеңген, жеңілгенім есімде жоқ. Мөлдір қасына шақырды, ағайға апарып көрсетем деп. Басында бармай жүрдім, ол кезде мен волейболдың жанкүйері едім. Қазір де сондаймын! Не керек, қызығушылық басып, Мөлдірге еріп бардым. Осы спорт түрімен таныстығым осылай басталған. 

Массагет: Анаңыздың көзқарасы қандай еді? "Қыз баласына жараспайды" деген сынды сөз болды ма?! 

Марфуға: Анам ол кезде білген жоқ. Қазір де білмейді... Қарсы болатынын білдім, сол үшін айтпадым. "Қыз балаға жараспайды" дегенді жиі естимін деп айта алмаймын, бірақ күле қараушылар өте көп. Сенбейтіндердің саны да баршылық. Менің түріме емес, денеме қарап сенбейтіндерін айтады. Оған үйреніп кеттім, ондай кезде сөзді іспен дәлелдейсің! 

Массагет: Қазақстанда спорттың бұл түрі қаншалықты деңгейде дамыған? 

Марфуға: Қазақстанда бұл спорттың түрі кенжелеп кеткен. Қолдаушылар мен қатысушылар санының аздығынан болар. Мен өзімді "шынайы фанатымын" деп есептемеймін. Бірақ жыл бойына көп жарыс өтеді. Екі жылда университет аралық қысқы универсиадалар болып тұрады. Қазақстанда Шардара мен Шығыс Қазақстан, Тараз қалаларында жақсы дамыған. Елдің намысын қорғап жүрген қыздардың барлығы да - осы аймақтың тумалары. Қазақстан 1990 жылы ең алғаш рет Мәскеуде өткен әлемдік жарысқа қатысты. Содан бері жоғарылап келеміз. Шардараның қыздары Бразилияға барып, алтыннан алқа таққан. Басқа спорт түрлерімен салыстырғанда өгей бала секілді. Қолдау керек.

Массагет: Алғашқы жетістігіңіз туралы айтып берсеңіз? 

Марфуға: Алғашқы жеңісім әрі жетістігім Алматы қаласында өткен жарыста, 2012 жылы болды. Екінші орын алдым, үлкен апайдан (жасы алпыстан асқан) жеңілгенмін. Одан кейін IV қысқы универсиадаға барып бірінші орын алдым. Өзім он төрт облыстың университеттерінен келген студенттерді басып озғаныма сенген жоқпын. Ең жоғарғы жетістігім – Қазақстанға шыққаным. Ол жарыс қалааралық жарыстардан мүлдем бөлек. Елдің намысын армрестлингтен қорғайтын, құрамаға алынатын жастарды саралайды. Сонда үздік ондыққа ендім. Алтыншы орын алдым (50 кг салмақ дәрежесіне дейін).

Массагет: Қазақстан бойынша аталған спорт түрінен 6-орында тұрсыз. Бұл - үлкен жетістік. Дегенмен алғашқы бестіктің сізден ерекшелігі неде болып тұр? 

Марфуға: Иә, қарапайым адам үшін үлкен жетістік. Менің мамандығым – филолог. Ал ол жердегі қыздардың барлығы - спортта жүргендер. Аталған спорт түрімен тынбай айналысып, жоғары жетістіктерге жетсем екен дегендер. Менікі тек сырттай әуесқойлық қана. Олар күніне дайындық жасайды, арнайы жаттықтырушылары бар. Мен университетте сабақ беретін ұстазыммен ғана жаттықтым. Бірақ бұл - мен үшін үлкен абырой деп білемін. 

Массагет: Өзіңіз шет елдік және біздің елдің аталған спорт түрінен кімдерді үлгі тұтар едіңіз немесе мықты деп кімдерді бағалар едіңіз? 

Марфуға: Гунко Евгения - Қазақстанның намысын қорғап жүрген қыз. Менің салмағымда абсолютті чемпион болды. Ал ұлдар арасындағы армспорт қыздардікінен бөлек. Сондықтан белгілі бір адамды атай алмаймын. Ұлдарға таза күш керек, ал қыздар арасында тек күшпен жеңе алмайсың. Тактика, жылдамдық керек. Менде күш басым емес, тактикаға салам немесе жылдамдықпен жеңген кездерім көп. Білек пен буын мықты болу керек, сонда еш нәрседен қорықпауыңа болады. 

Массагет: Қазір бұл спорт түрімен әлі де болсын шұғылданасыз ба? Болашақ арман-мақсаттарыңыз қандай?

Марфуға: Өкінішке орай, жоқ. Спорт залға бармағаныма екі жылдан асты. Кей кездері сағынам, сонда да бармаймын. Қыз баланың мұраты - жар болу, ана болу. Жас кезімдегі жағымды сыйларға толы естеліктерімнің бір бөлігі болып қалғанын қалаймын. 

Сұхбатыңызға рақмет! 

                                                                                                                                                     Сұхбаттасқан: Марғұлан Ақан  

0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: Вконтакте
Қосылған күні: 10 ақпан 2017, 16:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.