Оралдықтарға тамаша тарту – 9 метр кітап бумасы

Оралдықтарға тамаша тарту – 9 метр кітап бумасы
Фото: instagram.com

Орал қаласының тұрғындары бірнеше күннен бері қала күнін тойлап жатыр. Мереке қарсаңында жергілікті тұрғындарға тамаша сыйлық жасалды. Бірнеше жаңа нысандар, субұрқақтар және шағын архитекторлық құрылыстар бой көтерді.

Оралдағы кәсіпкерлер бірлесіп, қаланың символы ретінде жанында бекіре бейнеленген субұрқақ салып, қала тұрғындарына тарту етті.

Қала әкімі Нариман Төреғалиев кітап бумасы түрінде жасалған нысанды салтанатты түрде ашты. Ол Қадыр Мырза Әли атындағы амфитеатр жанында орналасқан. Композицияның биіктігі 5, ені 3 метр. Онда тек Орал қаласында туып өскен ғана емес, бүкіл әлемге еңбегі сіңген ақын-жазушылар аты жазылған: әл-Фараби, Махамбет Өтемісұлы, Ғұмар Қараш, М.А.Шолохов, Абай Құнанбайұлы, А.С.Пушкин, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли. Ашылу салтанатында қойылымдар болып, әртістер арнайы костюммен әр ақынның өлеңін оқыды.

Жастар бос уақытында интернетпен дос болған заманда кітап оқуға қызығушылық тудыру мақсатында жасалған нысан діттегеніне жетеді деп сенеміз.

@. @assel_assanova